Бейсана – психология туралы психолог мамандармен әңгіме. Мұнда психологиялық сауат, психологқа бару мәдениеті, терапия, адам бойындағы әртүрлі сезімдер мен басқа да маңызды тақырыптар қозғалады.
«Бейсананың» 04-эпизодында ана мен бала арасындағы байланыс туралы сөз қозғадық. Баланың психикасының қалыптасуында ананың, әкенің рөлі қандай, пренатальды жады (жатыр кезеңі) қалай әсер етеді, тастанды, өзге отбасына беріп жіберген балалардың ерекшелігі туралы талқыладық. Эпизод сарапшысы психоанализ бағытындағы практик-психолог Эльвира Қасым.
7 Jul 2024
Эдип кешені дегеніміз не?
«Бейсана» подкастының 03-эпизодында психоанализдегі Эдип кешені туралы сөз еттік. Эпизод сарапшысы – психоанализ бағытындағы психолог Жұлдыз Төлеу. Жұлдыз ханым адамның жан-жыныстық дамуы барысында Эдип кешенінің маңызы туралы айтты.
7 Apr 2024
02-эпизод: Психоанализдегі сеттиң
«Бейсана» подкасының екінші эпизоды психоанализдегі сеттиң тақырыбында болды. Эпизод сарапшысы – психоанализ бағытындағы практик-психолог Миргүл Бимағамбетова.
Бұл эпизодта мына тақырыптарды талқыладық:
– Психоанализ бағытындағы негізгі ережелер: ішкі және сыртқы сеттиң;
– Психоанализдегі ақша;
– Жеке және топтық терапияның айырмашылығы;
– Терапия ұзақтығы және демалыс алу;
– Психоанализдегі құпиялық ережесі.
Эпизод ұнаса, жұлдызшаны басып, лайк қоюды, пікір жазуды ұмытпаңыз! Сіздің қолдауыңыз бен кері байланысыңыз біз үшін өте маңызды!
Бізге жазылыңыз:
Instagram https://www.instagram.com/beisana_pod...
29 Feb 2024
01-эпизод: Трансгенерациялық травма
«Бейсана» подкастының алғашқы эпизодында трансгенерациялық (ұрпақаралық) травма туралы талқыладық. Эпизод сарапшысы – психоанализ бағытындағы практик психолог Гүлзат Қанат.
Подкастың жүргізушісі әрі авторы Жандарбек Болатбекұлы
Бізге жазылыңыз:
Instagram: @beisana_podcast
Host of Beisana?
Claim your podcast to manage its listing and keep your show details accurate.
Pod Engine is an independent podcast discovery and analytics service and is not affiliated with or endorsed by this podcast. Artwork and show content belong to their owners. Full legal notice.