Елімізде медициналық қызметтің қолжетімділігіне қатысты шағымдар көбейген соң, Денсаулық сақтау министрлігі маңызды өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Егер науқасқа қажет қызмет 10 күн ішінде көрсетілмесе, ол еш кедергісіз басқа клиниканы таңдай алады.
8 Dec 2025
Ауғандықтар намысшыл, төзімді халық
Бұл сұхбатта қазақстандық дәрігерлер Ауғанстандағы ең ауыр, жан түршіктірер көріністерді алғаш рет бүкпесіз айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, ауған халқы ерекше сабырлы, қайсар, намысшыл. Тіпті кішкентай балалардың өзі ауырса да жыламайды, сыр білдірмейді.
Әйелдердің жағдайы өте ауыр. Көпшілігі ауруханаға бара алмай, үйде босануға мәжбүр. Соның салдарынан ана мен бала өлім-жітімі өте жоғары. Кейбір отбасыларда бес баланың төртеуі шетінеп кетеді. «Неше балаң бар?» деп сұрағанда, «біреу» деп айтады, ал кейін «төртеуі қайтыс болды» деп қосады. Балалардың көбі тамақсыз қалған, инфекция жұқтырған немесе жарақат алған. Босқындар лагеріндегі көріністер тіпті ауыр: бір ғана кішкентай шатырда 20–30 адам тұрады, көбісі – балалар. Жылу жоқ, дәрі жоқ, таза су жоқ. Ауғанстанда медицина өте әлсіз. Аппараттар жетіспейді, кей жерде мүлде жоқ. Соның кесірінен көптеген адамдар аяқ-қолын сақтап қалу мүмкіндігінен айрылып, ампутацияға тап болады. Инфекциялық аурулар көп, медицина мамандары жетіспейді, оның ішінде әйел дәрігерлер тіпті аз. Соған қарамастан, ауған халқы дәрігерлерге ерекше құрметпен қарайды. Қазақстаннан барған мамандарға олар ризашылықпен қарап, «көмек көрсеткен елді ешқашан ұмытпайтынын» жеткізген.
8 Dec 2025
Ironman болу жолы, 40° аяздағы тәртіп және табыс философиясы / СҰХБАТ
Бұл шығарылымның қонағы - Берік Молдабаев, кәсіпкер, спорт насихатшысы, әлеуметтік жобалардың авторы.
Берік мырза Ironman жарақатсыз болмайтын, аса шыдамдылықты талап ететін қымбат спорт екенін ашық айтады. 40 градус аязда суға түсу, ұйқы мен тамақ тәртібі, мақсатқа жету үшін той мен жиыннан бас тарту - оның күнделікті дағдысы. Италиядағы халықаралық жарыста 3500 адамның алдында көк туды желбіреткен сәті, құрылыс компаниясына жұмысқа тұрып Ironman-ге қатысуы, ерте тұрудың әдістері — осының бәрін толық баяндайды.
Host of de.media?
Claim your podcast to manage its listing and keep your show details accurate.
Pod Engine is an independent podcast discovery and analytics service and is not affiliated with or endorsed by this podcast. Artwork and show content belong to their owners. Full legal notice.