Әр тұлғаның осы өмірдегі сүйікті ісі - ғажайып әлемі туралы подкаст. Кейәпкерлеріміз спорт және өнер жұлдыздары, тіпті өте сирек кездесетін мамандық иесі болуы мүмкін. Бастысы, біз ол кейіпкердің ғажайып әлеміне қонаққа барамыз, танысамыз. Осылайша эпизодтан эпизодқа сан-алуан сиқырлы жақтарға саяхат жасаймыз.
Ақырыс Сейтқазы: Журналистерді көрсе қашатын спортшылар бар
«Ғажайып әлемнің» кезекті эпизодының қонағы – Ақырыс Сейтқазы.
AQYRYS SEITQAZY YouTube арнасының авторы, редактор, Сочи - 2014, Пхенчхан – 2018, Париж -2024 Олимпиада ойындарынан хабар таратқан журналист.
Ақырыстың спорт журналистикасын таңдауына не себеп етті?
Журналист ретінде олимпиада ойындарына қалай баруға болады?
Спортшыларды сұқбат беруге үйрету қажет пе?
Спорт журналистикасында гендерлік теңдік бар ма?
Осы және басқа да қызықты тақырыптар қозғалған сұхбатымызды тамашалауға шақырамыз. Арнамызғажазылып, сұрақ-тілектеріңіз болса төменге жаза кетіңіз.
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzy
Digital редактор: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
Эпизод қонағы: @aqyrys_seitqazy
12 Jan 2025
Шет елдік бапкерлерден сабақ алмасаң, жетістікке жету қиын
«Ғажайып әлемнің» кезекті
эпизодының қонағы – Айза Мамбекова.
Айза 2017 жылы Алматыда өткен Дүниежүзілік Универсиада мен 2018 жылғы Пхенчхан олимпиадасында
өнер көрсеткен, еліміздің мәнерлеп сырғанаудан бірнеше дүркін чемпионы болған.
Биыл еліміздің мәнерлеп сырғанаушылары үшін жауапты жарыстар көп. Олар Универсиада, Азия
ойындары, Төрт құрлық және Әлем чемпионаттары. Америкада өтетін біріншілікте 2026 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия ойнатылады. Сондықтан да осы
жарыстарға біздің спортшылардың қалай дайындалғаны, сонымен қатар Қазақстанның конькимен мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық штаттық команда басшысы ретінде атқарлып жатқан жұмыстар мен осы спорт түріндегі төрешілік ету мәселесін де талқылап тастадық.
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzyhttps://www.instagram.com/liliana_kanatkyzy?igsh=cXBpNjhsMnVmcTBy (https://www.instagram.com/liliana_kanatkyzy?igsh=cXBpNjhsMnVmcTBy)
Digital редактор: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazyhttps://www.instagram.com/nur_balgazy?igsh=dWNtOHRiYzlkOGM3&utm_source=qr (https://www.instagram.com/nur_balgazy?igsh=dWNtOHRiYzlkOGM3&utm_source=qr)
Эпизод қонағы: @aiza_mambekovahttps://www.instagram.com/aiza_mambekova?igsh=MXhuZzJ2NTEzcTc1ag== (https://www.instagram.com/aiza_mambekova?igsh=MXhuZzJ2NTEzcTc1ag==)
12 Dec 2024
Кез-келген спорттың негізі - гимнастика
«Ғажайып әлемнің» кезекті эпизоды спорттық гимнастикаға арналады. Бұл жолғы кейіпкерлеріміз – Ербол Жантықов пен Ильяс Жақсымбет, спорттық гимнастикадан спорт шеберлері.
2022 жылы олар Алматыдан Астанаға әдейі көшіп келіп, елордада «Qazaq.gymnastics» спорттық гимнастика мектебін ашып, кішкентай балақайларды спортқа баули бастады.
Әңгіме барысында біздер гимнастикадағы алғашқы қадам қалай басталатын, баланың бастаған істі тастап кетпей мықты спортшы болуы ата-анаға да байланысты екенін, жалпы гимнастика мектебінің жұмысы жайлы әңгімелестік.
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzy
Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
Эпизод қонақтары: @zhaksymbet_iliyas @coach_yerbol
15 Oct 2024
Артур Смағұлов: Қай істі алсаң да соңына дейін жету керек
«Ғажайып әлемнің» бұл эпизоды мәнерлеп сырғанауға арналады. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Артур Смағұлов,
мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы 3 дүркін чемпионы.
Артурмен біз қазан айының басында Астанада өткен халықаралық «Денис Тен мемориал» турнирінде
кездесіп, жарыс арасында осы эпизодты жазған едік.
Әңгіме барысында Артур қазір қай жерде жаттығып жүргені, қиын элементтерді үйреніп, секіруі сонымен қатар өзінің жаттығулары туралы әңгімесін айтты.
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzy
Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
Эпизод қонағы: @artur0707_smagulov
21 Aug 2024
Жансая Адыханова: Біздің спортшылар ешкімнен кем емес
«Ғажайып әлемнің» бұл эпизоды мәнерлеп сырғанауға арналады. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Жансая Адыханова, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2019-жылғы Универсиаданың қола жүлдегері, жаттықтырушы, төреші.
Эпизод барысында Жансаямен Қарағандыда өткен жасөспірімдердер арасындағы ел біріншілігі, оның қорытындысы және Ресейден бізге ауысып келген С.Самоделкина туралы әңгімелестік.
Сонымен қатар Қазақстандағы жұптасып сырғанаудың жайы, Жансаяның жұптасып сырғанауға өтуі, сол жолдағы қиыншылықтар туралы да сөз болды.
Мені толғандарып жүрген тағы бір сұраққа да жауап алдым десем де болады. Оның қандай сұрақ екенін, эпизодты көріп шыққаннан кейін біле жатарсыздар деген ойдамын.
Facebook: Liliana
Alzhanova
Instagram:
@liliana_kanatkyzy
Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
16 Jul 2024
Серік Нақысбеков: Мықты әртіс болу үшін орасон зор еңбекпен қатар, жақындардың қолдауы да өте маңызды
«Ғажайып әлемнің» алдыңғы эпизодтарында біздің әңгімеміздің бәрі спорт төңірегінде болса, бұл
жолы, біз қонағымызбен балет өнері туралы сөз қозғадық. Театр, балет өнері, әлемдік балет өнеріндегі жарық жұлдыз А.Асылмұратованың жетекшілігімен «Астана Опера» театрындағы қойылымдарды көрермен қалай қабылдады, тіпті спектакль кезінде әртістер шаршаған кезде қандай «қулыққа» баратыны да туралы сөз қозғадық.
Сонымен бұл эпизод қонағы: Серік Нақысбеков – балет әртісі, «Астана Опера» театрының солисті,
халықаралық балет конкурстарының лауреаты
@seriknakyspekov
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzy
Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
9 Jun 2024
Ералы Тленшиев: Семсерлесуден әлемде 130-ден астам федерация бар, солардың тек үздік сегізі ғана олимпиадаға қатыса алады.
«Ғажайып әлемнің» бесінші эпизодын семсерлесу спортына арнадық. Мамыр айында Астанада ел біріншілігі өтті. Қазақстанның семсерлесушілері өзара кім мықтыны анықтағанда, біз де жарыс өтіп жатқан жерге барып, спортшылар мен жаттықтырушылармен
танысқан едік. Бұл эпизод қонағы семсерлесуден Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Ералы Тленшиев. Париж олимпиадасына апарар жолда ұлттық құраманың бір жыл бойғы жұмысы қалай жүргендігі туралы әңгімемізді қабыл алыңыздар.
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzy
Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
2 Jun 2024
Елдар Жеңісханов: Батутты - тек ержүрек спортшы ғана бағындырады
«Ғажайып әлемнің» үшінші эпизоды батуттық гимнастика туралы. Батыл да ержүрек спортшылар ғана айналысатын спорттың бұл түрі өте қызық та күрделі. 20-ғасырдың басында алыстағы Америкадан бастау алған батуттық гимнастикамен бүгінде әлемде мыңдаған спортшылар айналысады. Ал жазғы олимпия ойындарында алғаш рет батуттық гимнастикадан жарыс 2000 жылы өткізілді.
Жалпы бұл қандай спорт, онымен айналысу үшін
қандай қабілет керек, еліміздегі батуттық гимнастика көшбасшылары кімдер деген
сұрағымызға жауап берген, батуттық гимнастикадан Астана қаласының аға
жаттықтырушысы Елдар Жеңісхановтың әңгімесін қабыл алыңыздар.
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzy
Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
2 Jun 2024
Айман Амангелді: Садақ атумен айналысуды кез-келген жаста бастай беруге болады. Садақ ату қанымызда бар.
«Ғажайып әлемнің» төртінші
эпизоды садақ ату спортына арналады. Адамзаттың алғашқы қаруларының бірі садақ болса, спорт ретінде қалыптасып, олимпиада ойындарына алғашқы болып енген спорт түрі де осы спорт түрі. Біздің қонағымыз Амангелді Айман садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жаттықтырушы.Біз Айманмен әңгіме барысында садақ атудан әлемдегі көшбасшылар Оңтүстік Корея спортшылары туралы, спорттың бұл түріне қай жаста келсе де кеш
еместігін, көзі нашар көретіндер садақ ата алмайды деген түсінік қате екенін және тағы да басқа қызықты да пайдалы мәліметтер алдық.
Facebook: Liliana Alzhanova
Instagram: @liliana_kanatkyzy
Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy
7 May 2024
Ерік Ильясов: Теннис – мықтылардың әлемі. Рыбакина біздің теннистің дамуына зор үлесін қосып жатыр.
«Ғажайып әлемнің» бұл жолғы қонағы - БАҚ пен әлеуметтік желілерде теннис туралы жазып, көптеген жанкүйерлерді теннистің ғажайып әлемімен таныстырып жүрген теннис сарапшысы Ерік Ильясов.
Бұл эпизодта біз Ерікпен теннистен халықаралық жарыстардың өткізілу тәртібі, алда келе жатқан Париж олимпиадасы туралы сөз қозғадық. Қазақстандық теннисшілер туралы да ұмытқан жоқпыз.
Эпизод қонағы: Ерік Ильясов - @yerikilyassoff
Жүргізуші: Лилиана Әлжанова - @liliana_kanatkyzy
Көмекші: Нұрғаным Балғазы - @nur_balgazy
20 Apr 2024
Меруерт Балғынбаева: Менің ғажайып әлемім - көркем гимнастика. Тәртіп - спортшы үшін өте маңызды.
Достар! “Ғажайып әлем” подкастына қош келдіңіздер!
Әркімнің өз ғажайып әлемі болады. Бірінші қонағымыз Меруерт Балғынбаева үшін ол - көркем гимнастика. Гимнастика жанкүйерлері біздің қонағымыздың мықты спортшылары туралы жақсы біледі. Ал біз, шәкірттері халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген бапкердің өзінің спорттағы жолы, бапкер болудағы алғашқы қадамдары, гимнастикадан жеке мектеп ашу сияқты бизнес белестерін бағындыруы туралы білгіміз келді.
Меруерт Балғынбаева - @mira_balgin
Лилиана Әлжанова - @liliana_kanatkyzy
Host of Ғажайып Әлем?
Claim your podcast to manage its listing and keep your show details accurate.
Pod Engine is an independent podcast discovery and analytics service and is not affiliated with or endorsed by this podcast. Artwork and show content belong to their owners. Full legal notice.