Ақбота Ахметқызы: қытай дүниетанымы | қытай тілі | синофобия
Бүгінгі қонағымыз – қытайтанушы Ақбота Ахметқызы. Біз бұл шығарылымда қытай халқының дүниетанымы, тарихы, тілі мен діні туралы әңгімелестік. Неге синофобия бар, кейінгі жылдары Қытайдың демографиясы қалай өзгерді және қытай тілін оқу қажет пе – осы және өзге де сұрақтардың жауабын BIZDIN PODCAST-тан біліңіз.
25 Aug 2025
Азамат Ешмұхамедов: робототехника, жасанды интеллект, қазақша нейрожелі
Бүгінгі қонағымыз – робототехник, ЖИ маманы Азамат Ешмұхамедов. Біз роботтар мен жасанды интеллектіден төнетін қауіп, Қазақстанның осы саладағы әлеуеті және отандық нейрожелілер туралы әңгімелестік.
Психикалық аурулар туралы не білеміз? Шизофрения дертінің емі бар ма? Бұл сырқатқа шалдыққандар қоғамға қауіпті ме? Оған сыртқы факторлар әсер ете ме, әлде тұқым қуалай ма? Осы және өзге де сұрақтарды психиатр, психотерапевт Алмагүл Айтжановамен бірге талқыладық.
Musicologist Balnur Sardarbek shares insights on timeless music, the Mozart effect, and the Dimash phenomenon, revealing secrets to a life of absolute auditory ability.
14 Nov 2024
Құралай Атегелдиева: қант диабеті, гормондар жұмысы, дұрыс тамақтану
үгін – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні.
Осыған орай, біз эндокринолог ғалым Құралай Атагелдиеваны қонаққа шақырып, ең кең тараған аурулардың бірі – қант диабеті туралы сөйлестік. Қант диабетінің қанша түрі бар, олардың алғашқы белгілері қандай, гормондар қызметі бұзылса, қалай күтіну керек деген сұрақтардың жауабын осы шығарылымнан біле аласыздар.
Сондай-ақ қандағы қант деңгейіне тамақ мен ұйқының әсерін де талқыладық.
16 Oct 2024
Киноға идеология ретінде қарамау керек | Киносыншы Әсия Бақдәулетқызы | Bizdin Podcast №10
Бүгінгі қонағымыз киносыншы Әсия Бақдаулетқызымен қазақ киносының дамуы жайында сөйлестік. Подкаста сондай-ақ француз, итальян, саха, иран халықтарының кинематографиясы, қазақ режиссерлерінің қолтаңбасы және образдар мен жанрлар туралы айтылады.
7 Oct 2024
Қоғам дұрысталмайынша, әдебиет дұрысталмайды | Әдебиеттанушы Амангелді Кеңшілікұлы | Podcast №9
Бүгінгі шығарылымда әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлымен қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы, танылмай қалған қаламгерлер, мектеп оқулықтары мен әдебиеттің коммерциялануы туралы сөйлестік.
7 Oct 2024
АЭС бізге тек 20% электр көзін беруі мүмкін | Физик Бақытжан Оразбеков | Bizdin Podcast №8
Бүгінгі қонақ – ядролық физика маманы, PhD Бақытжан Оразбеков. Сұхбат барысында ядролық тізбекті реакция, атом бомбасы, Чернобыль мен Фукусима апаты және АЭС-тің жұмысы туралы әңгіме қозғалды.
Бүгінгі қонағымыз – ғалым-аудармашы, PhD, Абердин университетінің түлегі Гүлшат Бақытжанқызы. Ол өзінің ғылыми зерттеулеріне сүйеніп, 1920-1930 жылдарда, тоталитаризм кезінде, аудармаға әсер еткен факторлар туралы әңгіме қозғады.
Сондай-ақ подкаста қазіргі аударма ісінің дамуы, мәтін манипуляциясы, мәдениеттің «мені» секілді қызық тақырыптар жайында сөйлестік. Ғалым Ж.Аймауытұлы, Т.Абайұлы мен М.Әуезовтің аудармаларына жеке-жеке тоқталады.
6 Sept 2024
Су жетпейді емес, жеткізе алмай отырмыз | Су маманы Ерлан Бадашев | Bizdin Podcast №6
Су тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? Қазірден кейбір өңірлерімізге су жетіспей жатса, болашақта не болмақ? Арал мен Каспийге биыл cу мол келгені рас па? Ауыз су бағасын көтеру керек пе?
Осы және өзге де су шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарды инженер, гидротехник Ерлан Бадашевпен бірге талқыладық.
Бүгінгі қонағымыз – ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы ауруханасының лор-дәрігері Медет Маханбет. Ол медицина саласындағы кәсіби тәжірибесін бөлісіп, мұрын мен құлақ ауруларының алдын алу жөніндегі кеңестерін айтты.
Подкаста есту қабілетін қалпына келтіру, гайморит пен ангинаны емдеу, құлаққа күтім жасау, тұмаудан сақтану және маманға дер кезінде қаралудың маңызы туралы әңгіме қозғалады. Сондай-ақ мұрынға арналған дәрілерді ұзақ уақыт тамызудың зияны мен үйде ем жасаудың қатерлері туралы сөйлестік.
10 May 2024
Жасанды интеллект пен робот заманына да бейімделеміз | Әлеуметтанушы Айгүл Сәдуақасова | BizdinPodcast №4
Бүгінгі қонағымыз – әлеуметтанушы ғалым Айгүл Сәдуақасова. Бұл шығарылымда қазақ әлеуметтануының тарихы, зерттеу жасау әдістері және қоғам пікірі мен құндылықтарының өзгерісі туралы сөйлестік.
Сондай-ақ подкаста осы саладағы жаңа трендтер мен табу тақырыптар туралы әңгіме қозғалды.
16 Apr 2024
Адамзаттың ең озық интеллектуал құралы – математика: Математик Дөрбетхан Сұраған | BizdinPodcast №3
Бүгінгі қонағымыз – ғалым-математик Дөрбетхан Сұраған. Бұл шығарылымда математиканың маңызы, «ықтималдық теориясы» және мыңжылдық есептер туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ғылыми математика мен мектептегі математиканың айырмашылығы, осы саладағы әйелдердің аздығы және қазақ ғалымдарының зерттеулері туралы әңгіме қозғалады.
Дөрбетхан Сұраған – PhD, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ferran Sunyer i Balaguer Prize халықаралық сыйлығының Орта Азиядағы ең жас әрі бірінші лауреаты, әлем бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі.
26 Feb 2024
Адамдар ағзаның берген сигналдарын елемейді | Нейрохирург Нұрзат Сығай | Bizdin Podcast №2
Бүгінгі қонағымыз – нейрохирург Нұрзат Сығай. Бұл шығарылымда ми аурулары, оларды анықтау және емдеу жолдары туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ми құрылымы, наркозсыз ота жасау процесі және ми туралы мифтер айтылады.
29 Jan 2024
Марсты колония қылуға болады: Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев | Подкаст №1
Подкастың алғашқы қонағы – астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев. Бұл шығарылымда Жерден тыс тіршілік, Марстағы өмір, «Қара құрдымнан» төнетін қауіп және келімсектер туралы әңгімелестік. Сондай-ақ подкаста ғарышты игерудің басты мақсаты мен қазақ ғалымдарының осы саладағы мүмкіндіктері туралы айтылады.
Бонус ретінде «Ретроградный Меркурий» мен «Полнолуние» туралы да әңгіме қозғалды:)
Contact BIZ
Guest appearances
Books guests
Based on episode analysis; this does not confirm that the show is currently accepting guests.
Host of BIZ?
Claim your podcast to manage its listing and keep your show details accurate.
Pod Engine is an independent podcast discovery and analytics service and is not affiliated with or endorsed by this podcast. Artwork and show content belong to their owners. Full legal notice.
Explore this show Podcast research with Pod Engine