Күлтөбе жобасында Қазақстан қоғамындағы трендтер, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы сол тақырыпты зерттеп жүрген сарапшылармен сөйлесеміз. Әр шығарылымның тақырыбы болады. Сол тақырыппен айналысатын ғалыммен халыққа барынша түсінікті тілде сол зерттеу саласының мәселелерін талқылаймыз. Жобаның негізгі тілі қазақша болады. Жобаға шақырылатын қонақ орыс тілді болған жағдайда, әңгіме орыс тілінде жүргізіледі. Ал сарапшы ағылшын тілді болған жағдайда әңгіме ағылшын тілінде жүреді. Подкаст видео форматында түсіріліп, YouTube арнамызда жарияланады.
XX ғасырдың тарихы 1991 жылдан бастап саяси жадта қалай еске сақталды?
Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы- зерттеуші, Берікбол Дукеев.
Бұл эпизодта біз қонағымызбен жады саясаты және оның тарих оқулықтарымен қиылысы мәселелерін, жаһанданудың қарқынды жүруіне қарамастан адамның өз шығу тарихына деген қызығушылығы артуын, сондай-ақ қазақтан басқа этникалық топтардың тарихы, қандастардың тарихқа қосқан үлесі мен күнделік жазу әдеті жайында жан-жақты талқыладық.
Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/ (https://www.youtube.com/redirect?event=video_description&redir_token=QUFFLUhqa25jRHlVVm1rQ3piTWRzeVd1VGpRaUdPSEsxd3xBQ3Jtc0tuT0Z0Zm9uTDUxcmdObDhmQlViZXYxM1Q2UmQxTGVIYkxKSmU0RDhEQ2M2Z2VlR3JiWm5vVV9lV1FGeGF2ZzBHZkN0c2E1WjljRUVHOFBwX0hHckdtNEhPTTVKMGpYMUFOR0RNM3h4dmtHS1JBQlVpbw&q=https%3A%2F%2Fpolicysolutions.kz%2F&v=-VCAtRHJHsM)) жарияланған.
CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.
Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.
18 Jul 2023
Әлеуметтік жады. Әулет тарихын зерттейтін әдістемелер. Қазақстан және шетелдік тәжірибиелер.
Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы – әлеуметтану ғылымының докторанты Алмаш Айқынбайқызы.
Бұл эпизодта біз қонағымызбен «әлеуметтік жады» ұғымы, отбасы тарихының ғылымда зерттелуі мен фамилистика, қоғамдағы трансформациялардың отбасы тарихында көрініс табуы және oral history-дің мәні, сондай-ақ шежіренің бүгінгі таңда функциясының өзгеруі һәм қазақ қоғамында әулетке қатысты әлі де зерттелмеген жайттардың бар екендігі, травмалық тарихи оқиғалар мен билік тарапынан тыйым салынған табу тақырыптарға қайта оралу, тарихи оқиғаны зерттеуде объективті және субъективті көзқарастардың болуы, ұрпақтар арасындағы шиеленіс, әулет тарихын зерттеудің жолдары мен отбасылық альбомдардың маңызы секілді тақырыптарда ой бөлісіп, пікір алмастық. Сонымен қатар әулет тарихын зерттеу мемлекет үшін неге басты саяси бағдарлардың бірі болуы қажет екеніне де тоқталып, түйінді мәселелердің күрмеуін шешуге талпындық.
Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/ (https://www.youtube.com/redirect?event=video_description&redir_token=QUFFLUhqbFZuMThxVnp0a092OFI3TXUycnk5Ty1nTnBtd3xBQ3Jtc0tuNEQtUUhSLWxxaFpyTExUNFM4OEhPM1NXMTZKb0xNY1FEN1lfdW5tV0Z0c2daZnoyN2R6SmxpVWpKVWZzdGRvN1hROThVRVRVRmZLR0pNZHk1dWZFZm4xUDU4MGg1aWkzbUpzM21BSEZMb2poUEZ3RQ&q=https%3A%2F%2Fpolicysolutions.kz%2F&v=HUXqfQMndwc)) жарияланған.
CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.
Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.
Назарыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар сериясын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонақтары әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Қисыбай және әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев.
Бұл эпизодта біз әулет, отбасы ұғымдары, отбасы мүшелерінің өмірбаянын үйренудің әлеуметтік мағынасы, урбанизацияның отбасы институтына әсері, отбасы тарихы мен ресми тарихтың азаматтар тарапынан қабылдануы, әйелдердің отбасылық тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі секілді тақырыптарда әңгіме қозғадық.
Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/ (https://www.youtube.com/redirect?event=video_description&redir_token=QUFFLUhqblNxZG5SRmZJRE5hdnBMem0yRHkyOXMyalRjZ3xBQ3Jtc0tuOVBSa2VCUDV1ZjR0cTJuaVd1Vk9wS0VEQ0kyRjhnZmRMZTh4Q0lsNkNfZ0I2T1R5ZDBnUEc4LXIwRjN5S0JweG0tSW8tRUs3dXotSU5famIzTU1Ick1XUENpWVdxTlV5Vk1aWGhSd1BhUVJadzZBUQ&q=https%3A%2F%2Fpolicysolutions.kz%2F&v=eEsDySWdQMg)) жарияланған.
CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.
Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.
Reach and audience
Public platform figures. Ratings count people who left a rating, not total listeners.
Apple Podcasts (US)
5.0 / 5
3 ratings
Contact CoolTóbe podcast
Guest appearances
Books guests
Based on episode analysis; this does not confirm that the show is currently accepting guests.
Host of CoolTóbe podcast?
Claim your podcast to manage its listing and keep your show details accurate.
Pod Engine is an independent podcast discovery and analytics service and is not affiliated with or endorsed by this podcast. Artwork and show content belong to their owners. Full legal notice.
Explore this show Podcast research with Pod Engine