Бұл жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы жайлы қазақ тіліндегі подкаст. Бұнда мектеп оқушыларымен де, психолог мамандармен де сөйлесеміз және қазіргі жастардың ойы, көзқарасы қандай екенін сізбен бірге білуге тырысамыз.
Сәлем. Бұл депрессия жайлы эпизодтың екінші жартысы. Психолог Рахиля ханым депрессияның шындығында не екені жайлы айтып жатыр.
2 May 2021
"Депресняк болып кетемін". Депрессия деген не?
Сәлем! Депрессия туралы жиі айтылса да, ол туралы сөйлеспегенбіз. Қашан бізде депрессия болады, не себеп оған, қауіпті ме? Ең бастысы, депрессия деген не?
27 Apr 2021
«Алматы, Астанада жеке шекара түсінігі дамыған, ал басқаларда жоқ»
Психологияда "жеке кеңістік" түсінігі бар. Яғни, жеке бір адамның "мен, менің" және басқалар деген түсінігінің болуы. Мысалы, сенің ойларың бар және басқалардың ойы бар, сенің ойларың – сенің ешкімге тиесілі емес, саған ғана тиесілі дүниең. Оған қол сұққан адам өте дөрекі, себебі ол адам өз еңбегіңмен жеткен саған тиесілі байлығыңа қол сұққан адамдай. ОСы жайлы, біз мектептегі достарымызбен, психологтармен сөйлестік. Олардың арасында жеке кеңістік дегенді түсінетіндер бар-жоғын анықтадық.
22 Apr 2021
Буллинг: Сенің достарың буллинг жасайтындар туралы айтып берді
Саған мектепте әлімжеттік немесе кемсіту, тиісу сияқты әрекеттер жасағандар туралы не ойлайсың? Оларға уақытында жөнді жауап бердің бе? Мектепте бір балаға басқалар жиналып, не жалғыз өзі тиісіп, кемсітіп, шеттетсе – бұны буллинг дейді. Психологтар буллингке жауап ретінде сенімді болуды кеңес береді. Себебі, буллинг жасаушының мақсаты да біреуді, өзіне ұқсамаған, мүмкін артықшылығы бар баланы, сенімсіз қылу екен. Осы эпизодта буллинг туралы мектеп оқушыларымен сөйлестік және буллинг жасаушыға не деп жауап беруге боларын бірге ойландық.
16 Apr 2021
Мектептегі мұғалімің қандай?
Сәлем. Подкастымызды тыңдап бастадың, саған ұнап жатыр деп ойлаймын. Ұнамаса бізге инстаграмға жазып жібер, не дұрыс емес екенін. Сені тыңдағым келеді, аудиомен де жіберсең болады.
Ал бұл подкастымыздың екінші саны. Мұнда жөнсіз ұрса беретін мұғалімдер туралы сөйлестік.
Бұнда психолог Аида Тұрғазы ханым мен өзің сияқты мектеп оқушыларының мұғалімдер туралы ойын білдік.
Олардың ойы әртүрлі. Бірақ, біздіңше оқушының мектепте білімге, сабаққа, мектепке деген көзқарасы біліксіз мұғалімге бола бұзылмауы керек.
Подкастты тыңдап, мектеп бітірген аға-әпкелеріңнен олардың мектеп туралы ойын біліп көрші.
Подкаст Хосты / Авторы: Асем Ілесбай
Жоба Продюсері / Монтажеры : Сұңғат Анапия
Бұл зерттеу/баяндама/жазба/контент/есеп (біреуін көрсетіңіз) АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. (Ұжымның аты) ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
14 Apr 2021
«Ер балалар ренішін ішінде сақтап қалады»
Сәлем. Бұл біздің подкастымыздың алғаш саны. Мұнда психологиялық денсаулыққа көңіл бөлудің жолдары мен оның маңызы жайлы біздің достарымыздың ойын тыңдап көрдік. Оның ішінде мектеп оқушылары да бар, кәсіби психолог та бар.
Подкаст Хосты / Авторы: Асем Ілесбай
Жоба Продюсері / Монтажеры : Сұңғат Анапия
Бұл зерттеу/баяндама/жазба/контент/есеп (біреуін көрсетіңіз) АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. (Ұжымның аты) ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
14 Apr 2021
Бұл подкаст не туралы?
Сәлем. Бұл Erkin Jas подкастының кіріспе саны. Мұнда сізге алдағы подкастарымыздың тақырыбы мен қандай мәселе көтергеніміз жайлы айтамыз.
Подкаст Хосты / Авторы: Асем Ілесбай
Жоба Продюсері / Монтажеры : Сұңғат Анапия
Бұл подкаст АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. "Erkin jas" ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Contact Erkin Jas
Guest appearances
Books guests
Based on episode analysis; this does not confirm that the show is currently accepting guests.
Host of Erkin Jas?
Claim your podcast to manage its listing and keep your show details accurate.
Pod Engine is an independent podcast discovery and analytics service and is not affiliated with or endorsed by this podcast. Artwork and show content belong to their owners. Full legal notice.
Explore this show Podcast research with Pod Engine