Бұл – күнделікті өмірдегі түймедей мәселелерді саралайтын, өте өмірлі подкаст. Подкасттың жүргізушілері Дастан мен Заңғар эпизод сайын күнделікті тұрмыста туындайтын, бірақ әдетте назардан тыс қалатын этика, дұрыс қарым-қатынас және қоғаммен байланыс сияқты майда заттарды талқылап, олардың ТҮЙЕДЕЙ салдарын болжап көреді.
EQ - кішкене түсініксіз ұғым. Эмоционалды интеллект, эмоциялық интеллект, эмоциональный интеллект деген не? Біз осы сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Адам өзін таныса да өз эмоциясын танымағаны қалай? Оның салдары мен себептері неде? Эмоционал адамдар өз сезімін басқара ала ма? Ол қабілетті қайтып дамытады?
Бұл санда біз өзіңді толыққанды танудың маңызы жайлы сөйлесейік деп шештік. Мінезіңді біліп, эмоцияны басқару пайдасын атап өттік. Бірақ оны басқаруға бола ма? Адамның эмоциясын қай кезде ақтап, қай кезде даттап алуға болатынын да тілге тиек еттік.
Кейде сезімге шектеу қойып, робот болуымыз мүмкін. Кейде тас біткендей болып, ішті жібіте алмай жатамыз. Осының бәріне ат беріп, іштегі түсініксіз сезім үшін ат тергеу пайдасын да айттық. Қысқасы, әдеттегідей қызық санымызды ұсынамыз!
Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!
Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
Бізге жазылыңыз! Instagram (https://www.instagram.com/tuime.podcast/) Telegram (https://t.me/tuimepodcast)
23 May 2023
Есейеміз: "мама, мен сиқырға әлі сенгім келед"
Кішкентайында "өскенде білесің" дегенді көп естіген екі баланың өсу жайлы эпизоды. Есею мен ер жету деген не? Ересектік қалай келеді? Қай жасты алқымдағанда шашу шашқан Ересек өмір қарсы алады? Бізге де мұның бәрі түсініксіз болған. Бірақ қазір түсіндік.
Ересек өмірдің кемшіліктері мен артықшылықтарын талдап тастадық. Артықшылықтарын табу үшін біраз ойландық енді. Бірақ таптық. Сіздерді қағанаттандырар, қызықтырар, ал кейде еліктіріп әкететіндей эпизод шықты. Айтпақшы, әдеттегідей шынайы әңгіме мен қызықты оқиғаға толы.
Есею - өмір бойы жүретін процесс. Әр кезеңді өткен кезде адам қиналатыны, қиналып болған соң күлетіні мен сол кезеңге асығатыны жайлы білесіз бе? Біз осы ойды өрбіттік. Есею тек жас емес, ол тәжірибе мен өзіңді қайта таразылау, іздену, қабылдау әрі түсіну. Ересек өмірдегі жауапкершіліктің де жөні бөлек екенін ұмытпайық.
Есеюге ынтық, сол процестен қиналып немесе бір кезеңді алқымдаған әр жанға қызық болар санымызды қабыл алыңыз.
Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.
Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер! 💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын. Бізге жазылыңыз! Instagram (https://www.instagram.com/tuime.podcast/) Telegram
11 Apr 2023
Өлімді қабылдаймыз: "жаныңдамын"
Тақырыптан қорқып қалмаңыздар, бұл пайдалы эпизод. Түйме басталғанда қамқор, жылы әрі эмпатияға қабілетті қауымдастық құрғымыз келген. Ал түпкі мақсатымыз осы.
Өлім деген не? Ол адамға қалай әсер етеді? Қайғыны бастан кешкен адамды қалай қолдай аламыз? Жалпы, қолдау керек пе өзі?
Адамға ең қатты әсер ететін эмоциялардың бірі - қайғы. Жақынын жоғалтқан адамның өмірі қалай өзгеріп, нендей қажеттіліктері болатыны жайлы талқылап, талдап, пайдалы кеңестерді дайындап қойдық.
Біз бұл құбылысты қабылдау жайлы сөйлесіп, сарапшымен ақылдасып шықтық. Өзінің көмегін көрсеткен Асель Садуға (https://instagram.com/assel_sadu?igshid=ZjE2NGZiNDQ=)алғыс білдіреміз. Тақырып ауыр болған соң әуелі психологпен сөйлесіп, содан кейін өзіміздің бағамызды бердік. Сол себепті бұл сан әдеттегіден өзгеше.
Өлім өмірдің соңы ма? Бәлкім бөлігі шығар? Мұны қалай қабылдаймыз? Ал қабылдау деген не?
Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.
Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
Бізге жазылыңыз! Instagram (https://instagram.com/tuime.podcast?igshid=ZjE2NGZiNDQ=) Telegram (https://t.me/tuimepodcast)
Reach and audience
Public platform figures. Ratings count people who left a rating, not total listeners.
Apple Podcasts (US)
5.0 / 5
5 ratings
Contact Tuime
Guest appearances
Books guests
Based on episode analysis; this does not confirm that the show is currently accepting guests.
Host of Tuime?
Claim your podcast to manage its listing and keep your show details accurate.
Pod Engine is an independent podcast discovery and analytics service and is not affiliated with or endorsed by this podcast. Artwork and show content belong to their owners. Full legal notice.
Explore this show Podcast research with Pod Engine