Podcast thumbnail for Ottegi Podcast

Ottegi Podcast

Claim This Podcast

by Yerbol Moldazhanov

5.0(1 reviews)
5 episodes
Updated Daily
Accepts GuestsHas SponsorsLocation 🇰🇿

Podcast Overview

Оттегі = ақпарат Бұл математикалық формула емес. Бұл миды оттегімен байытып, ой-сананы сапалы контентпен қоректендіру арқылы өміріңізге сәуле түсіретін подкасттар сериясы. Подкаст авторы - журналист, блогер Ербол Молдажан. Ottegi – Massaget порталының жобасы. Ал енді құлаққабыңызды дайындаңыз.

Language

Publishing Since

6/1/2021

1 verified contact email on file for Ottegi Podcast

Pitch yourself as a guest, propose sponsorships, or reach out directly to the host.

Recent Episodes

Episode thumbnail for 5. Жолдас Өрісбай: Журналистика мамандық емес – миссия

September 30, 2021

5. Жолдас Өрісбай: Журналистика мамандық емес – миссия

Ottegi Podcast бесінші эпизодының қонағы – Жолдас Өрісбай.  Жолдас өмірлік миссиясына айналған журналистикаға 2014 жылы аяқ басты. Отандық бірнеше медиада қызмет істеген ол қалам қуатын арттыру үшін мұхит асуға бел буады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университетінде білімін шыңдап, жақында елге оралды. Қонағымыз эпизодта журналистика, саналы қоғам, сауатты білім беру-алу туралы әңгімеледі. Бұл сұқбат көп жылдық ізденіс пен тәжірибенің сығындысы. Тыңдаған жан, жоқ дегенде, мақсат жолында еңбекті қалай қару қылуды үйрене алады. Өйткені, Жолдастың екінші аты - Еңбек. @birqabatti_america – Журналист – Америкатанушы – Трэвел блогер www.zholdasorisbay.com Time code: 00:00:18 -  Алғысөз 00:00:54 – Жолдас Өрісбай кім? Қонақтың өзін таныстыруы 00:02:41 – Мичигандағы өмір, білім, журналистика туралы 00:04:03 – Детройт туралы деректі фильм, зерттеген жұмыстарына шолу 00:07:14 – Қазақ, орыс, ағылшын медиасының ерекшеліктері 00:09:40 – Журналистиканы оқу керек пе? 00:12:50 – Не себепті АҚШ-та оқуды таңдады? 00:15:40 – Студенттің пікірі бір курстың тағдырын шешеді Мичиган университетіндегі қызықты кейстер 00:18:10 – КСРО экономикасын зерттеуі 00:23:31 – Фотожурналистика: Рузвельт әдісі. Сурет өнерінің құдыреті 00:26:00 – Селтеткізер: Жолдас айтқан суреттерге пікір 00:27:00 – «Екі деңгейлі қоғамға айналып кеттік» 00:27:45 – «Өзендегі шошқалар» немесе өнердің қоғамдағы рөлі 00:29:30 – 12 студент тастап кетіп, өзі ғана оқыған сабақ жайында 00:37:49 – Америкалық журналистік мектептердің артықшылығы 00:43:35 – АҚШ медиасында жарияланған 13 мақала қалай жазылды? 00:52:08 – Профессор Полсон 00:53:01 – Селтеткізер: Жолдас кітаппен қалай достасты немесе Әкеге алғыс 00:54:00 – АҚШ-тағы соңғы сайлауда БАҚ қалай жұмыс істеді? 1:06:00 – Трамптың билікке келуіне не себеп болған? 1:13:35 – Қандай кітап көзқарасты өзгертті? Қай кітап пікір қалыптастыруға әсер етті? 1:21:45 – Дұрыс қоғам құру үшін не істеу керек? Алғашқы қадамды неден бастаған дұрыс? 1:24:40 – Кез келген журналист ағылшын тілін білген абзал. Оларға қандай кеңес берер едің? 1:28:29 – Селтеткізер: Ерболды медиаға алып келген – Жолдас 1:30:00 – Мэйл.ру-дағы бір суреттің тарихы 1:34:00 – Замандас журналистерге не айтар едің? 1:35:35 - Соңы. Подкастер сөзі

Episode thumbnail for 4. Тұрсынбек Башар: Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын

July 16, 2021

4. Тұрсынбек Башар: Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын

Төртінші эпизод қонағы – Тұрсынбек Башар.

Тағдыр Тұрсынбекті төсек тартқызып сынады. Бірақ оны бір ұлы күш орнынан көтерді. Ол поэзия еді. Ақын қайғыдан мән таба білді. Өзінің ойынша, барлық адам ақын. Бірақ өздері ұмытып кетеді-мыс. Өз жағдайында, мүмкін, оның ақын екенін еске салу үшін осы сырқат бағдар боп берілген болар. Күрескер әрі ақын. Күрескерлігі – көпке үлгі, ақындығы – оқығанға ем. Құдды ол поэзиядан дауа іздегендей, ал оның шығармасы оқырманына шипа секілді. Тылсым әрі қызық байланыс. Сонымен, сіз де сол байланысты сезініп көріңіз.

@tursynbek.bashar
– Ақын, журналист
– Massaget.kz порталының тілшісі

Time code:

00:00 - Алғы сөз
01:30 - Қонақтың өзін таныстыруы
02:30 - Ақын поэзия әлеміне қалай келді?
05:30 - Төсек тартып қалуы
10:00 - Ақындар неге тағдырлы боп келеді?
13:30 - Төсек тартып жатқан халден тұрғызған қандай күш?
17:00 - Әдеби шығарманы оқудың қажеті бар ма?
18:30 - Тұрсынбек қай поэзияның өкілі?
20:00 - Ақынның прозаға келуі мүмкін бе?
22:30 - Селтеткізер: Ақын Аслан Тілегеннің Тұрсынбек Башар туралы пікірі
23:30 - Өлеңді не үшін өртейсіз?
25:00 - Төрт қыры тең өлең мен “күнделік” өлеңнің айырмашылығы неде?
26:30 - Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын
28:00 - “Өзін ақынмын деп жүрген 90 пайыз ақын - ақын емес”
30:00 - Болашақта жақсы ақын болады деген төрт ақын
32:00 - “Нобельді біз ХХ ғасырдың ортасында алуымыз керек еді”
35:00 - Нобельді саясатсыз таза өнермен алу мүмкін бе?
37:30 - “Тәуелсіз болған адам ғана шынайы шығарма жаза алады”
40:00 - Төлен Әбдікке көңіліңіздің алабөтен болуының сыры неде?
41:30 - Қазақ баласы неге Таласбек Әсемқұловты оқуы керек?
44:00 - Қазіргі сын жазып жүрген жандарға көңілім толмайды
45:00 - Қаламгерге әдеби
47:00 - “Алматы ұлылардың ізі қалған қала”
48:00 - Селтеткізер: Оттегінің тұсауы қалай кесілді?
49:00 -  Ақыннан өлең: “Скептизм”
50:30 - Интеллектуалды поэзия дегеніміз не?
52:00 - 3000 кітапты қай кезде оқыды?
54:00 - “24 жасымда 1-курсқа түстім. Оқуға ешқашан кеш емес.”
55:30 - Қазақ қоғамына керек 3 кітап
59:00 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:00:30 - Соңы. Подкастер сөзі

Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали

Episode thumbnail for 3. Тұрар Қазанғап: Үздік фотограф жоқ, үздік фото бар

July 2, 2021

3. Тұрар Қазанғап: Үздік фотограф жоқ, үздік фото бар

Үшінші эпизод қонағы - Тұрар Қазанғап.

Біз Тұрармен фотоөнерге келуі, Тенгриге жұмысқа орналасуы, ел сыртында өткізген фотокөрмелері жайлы әңгімелестік. Ол үздік суреттер мен үздік фотографтар жайлы да айтты. Эпизод фотоөнерге еш қызықпайтын жандарға да ерекше әсер қалдырады деп ойлаймын. Себебі, Тұрар мырзаның әкесі жайлы естелігі мен анасына деген құрметі, адамгершілік туралы ойлары көп адамды ойландырары анық. Ал фотоөнерге қызығатын жандарға қолға түсе бермейтін қазына дер едім.

@kazangapov.kz
– Фотограф, документалист
– Tengrinews.kz порталының фотокорреспонденті

Time code:

00:00 - Алғы сөз
01:30 - Тұрардың өзін таныстыруы
02:30 - Балалық шағы мен Босаға ауылы жайлы
05:00 - Үш ұрпақтан жалғасқан өнер: фотограф атасы мен әкесі жайлы
10:00 - Фотоөнерге келуге не түрткі болды?
16:00 - Фотожурналистика қызығушылық қашан пайда болды?
18:00 - Фотоархивті қайда сақтаған дұрыс?
21:00 - Елдегі һәм әлемдегі жоғары баға беретін фотографтар
24:00 - Атақты фотограф Юджин Смит жайлы
28:00 - Кураторы Юрий Козыревтің оқиғасы: Ауған соғысында тұтқынға түскен фотограф
32:00 - Фотографты мазалайтын қорқынышты ойлар
37:00 - Кевин Картер, Пулитцер сыйлығы және құзғын мен қыз
40:00 - Тұрар түсіре алмағанына өкінетін сурет: “Қара автобус ішіндегі шахтерлер”
44:00 - Tengrinews.kz сайтына қалай келді?
50:00 - Елдегі жағдай Тұрар Қазанғаптың көзімен
55:00 - Ренат Ташкенбаевпен бірге жасаған фоторепортаждар  жайлы
58:00 - Әке ізімен немесе моряктар өмірі
1:01:00 - Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті және ерекше сурет тарихы
1:07:00 - Өзі фотограф боп барған Геннадий Головкиннің жекпе-жектері жайлы
1:13:30 - Оқиғалар тізбегі көбейген кезде фотограф көзі “байланып” қалмай ма?
1:16:30 - Фотокөрме І Фотокөрмелерге суретті қалай таңдайды?
1:20:00 - Атадан келе жатқан фотоөнер балаға жалғаса ма?
1:22:00 - Шабыт шақырып, біліктілігін арттыру үшін Тұрар не істейді?
1:24:00 - Мобилография науқаны І Тұрар жеке курс ашуы мүмкін бе…
1:27:00 - Кей ақындар өлең өртейді. Тұрар сурет өшіре ме?
1:30:30 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:33:30 - Соңы. Подкастер сөзі

Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали

5 total episodes available

Deep-dive analytics for Ottegi Podcast

Frequently asked questions

Have a different question and can't find the answer you're looking for? Reach out to our support team by sending us an email and we'll get back to you as soon as we can.

What is Ottegi Podcast?

Оттегі = ақпарат Бұл математикалық формула емес.

Бұл миды оттегімен байытып, ой-сананы сапалы контентпен қоректендіру арқылы өміріңізге сәуле түсіретін подкасттар сериясы.

Подкаст авторы - журналист, блогер Ербол Молдажан. Ottegi – Massaget порталының жобасы.

Ал енді құлаққабыңызды дайындаңыз.

How often does this podcast release new episodes?

This podcast updates daily.

Where can I listen to this podcast?

This podcast is available on 4 platforms including Apple Podcasts, Spotify, and more. You can also use the RSS feed directly.

Does this podcast accept guests?

Yes, this podcast regularly features guests.

Legal Disclaimer

Pod Engine is not affiliated with, endorsed by, or officially connected with any of the podcasts displayed on this platform. We operate independently as a podcast discovery and analytics service.

All podcast artwork, thumbnails, and content displayed on this page are the property of their respective owners and are protected by applicable copyright laws. This includes, but is not limited to, podcast cover art, episode artwork, show descriptions, episode titles, transcripts, audio snippets, and any other content originating from the podcast creators or their licensors.

We display this content under fair use principles and/or implied license for the purpose of podcast discovery, information, and commentary. We make no claim of ownership over any podcast content, artwork, or related materials shown on this platform. All trademarks, service marks, and trade names are the property of their respective owners.

While we strive to ensure all content usage is properly authorized, if you are a rights holder and believe your content is being used inappropriately or without proper authorization, please contact us immediately at hey@podengine.ai for prompt review and appropriate action, which may include content removal or proper attribution.

By accessing and using this platform, you acknowledge and agree to respect all applicable copyright laws and intellectual property rights of content owners. Any unauthorized reproduction, distribution, or commercial use of the content displayed on this platform is strictly prohibited.